«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР»
- Мақсаты: Қазақтың салт-дәстүрлері арқылы ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, оқушы бойында білімге құштарлық, ұлттық құндылықтар жүйесін, отаншылдық, адамгершілік сезімін қалыптастыру. Атқа міну мәдениетін, садақ ату өнерін өскелең ұрпақ арасында насихаттау, еңбекқорлыққа баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қасиетті жерлерді таныту, ұлттық тағамдарды дәріптеу.
- Міндеті: «Қоғамдық сананы жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде дәстүр және ғұрыпты меңгерту. Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытып, өздігінен ізденіп қосымша білім алуға, өзін және өзгені танып білуіне ықпал етеді, оқушының рухани жан дүниесін байытып, жан-жақты дамуына негіз болады. Атқа міну мәдениеті туралы түсінік беру, тәжірибеде атқа мінуді, садақ атуды үйрету. Ұлттық рухты, патриотизмді, тәлім-тәрбиені дәріптейтін қазақтың салт-дәстүрлерін жаңғырту;
- Ұлттық және рухани құндылықтарды күшейту;
- Халықты салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты сақтаудың маңыздылығымен ақпараттандырып, ұлттық құндылықтарға деген сезімді арттыру;
- Жас ұрпаққа ұлттық құндылықтармен қазақ асханасының пайдасын дәріптеу.
- Атқа міну, садақ ату өнерін насихаттау.
- Киелі жерлерді таныстыру.
- Дәрілік өсімдіктер туралы түсінік беру.
Ұлттық құндылық бағдарламасының басты бағыты – білім алушылардың ақыл-ой қабілеті мен тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, ұлттық тәрбие ұлттық құндылықтар, салт-дәстүрлеріміз арқылы мәдени-тілдік-эстетикалық талғамдарының дамуына, коммуникативтік құзыреттіліктерінің жетілдірілуіне іргетас қалап, өмірлік дағдыларын шыңдауына, өздігінен білім алуларына мүмкіндік туғызу.
Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:
- белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;
- индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;
- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;
- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.
Ұлттық құндылықтарымыз арқылы қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:
- оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
- ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт- дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру;
Бағдарламаның болжамы: Салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптарымыздың құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;Ұлттық құндылықтарды оқушылардың бойына қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру, оқушылардың дәстүрімізге деген қызығушылығын арттырады, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілік сезімін оятуға ықпалын тигізеді. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту және өзіндік ізденісін қалыптастыруға терең білім алуына көмектеседі. Түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
Садақ ату Ат үстінде садақ ату Шалма тастау — ұлттық ойын.