1-4 сыныптарға арналған көркем жазу пәні    

Бағдарламаның мақсаты:

          Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, танымдық, логикалық тапсырмалармен,  ұлттық нақыштарды насихаттай отырып, өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру.

Әріп элементтерін дұрыс жазуға үйрете отырып, орфографиялык дағдылар мен көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. Жазудың түрлі тәсілдері (көшіріп жазу, әріптік, буындық, сөздік, сөйлем, шағын мәтін т.б) арқылы сауатты жазуға үйрету.

Бағдарламаның міндеті:

-Бас және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру;            

-Әріптерді бір-бірімен өзара байланыстыра қосып жазуға үйрету;

-Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру;

— Жазу әрекетін игеру арқылы, эстетикалық талғамға сай көркем жазуын

қалыптастыру;

Өзектілігі: Көркем жазу сабақтарының жаңаша жүргізілу мүмкіндігін қарастыру білім беру саласында өте маңызды, әрі өзекті.

— Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстар оқушы бойына жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы етеді. Таза, әдемі, дұрыс жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез — құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, ұқыптылыққа үйретеді. Бұл тұрғыдан қарағанда көркем жазу таңдау пәні оқушыларға бағыт- бағдар берумен қатар, көркем жазу- өнер екенін ұғындырады.

Жаңашылдығы:

-Көркем, сауатты жазуға жүйелі түрде жаттығады.

-Жалпы көркем жазу дағдысына, үзіліссіз жазуға және әріп тұлғасының көлемін бірдей жазуға үйренеді.

— Жазу материалы-бойынша (буын, сөз, сөйлем, мәтін, шығарма, мазмұндама) т.б. кажетті жазба жұмыстарын игереді;

-ұлттық ою-өрнек атауларын байланыстыру, оларды түрлі тәсілмен (мандала) ұқыпты бояу арқылы танымдық тапсырмаларды орындайды.

Күтілетін нәтиже:

-Әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыланады; -Әріптер сырын толық игеруге мүмкіндік алады;

-Грамматикалық тапсырмаларды орындай алуға машықтанады; -Шығармашылық тапсырмаларды орындап үйренеді.

— Сауатты жазу дағдылары қалыптасады;